USD
USD
USD

Жоғарғы сотта әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрылады

Мәжіліс «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізетін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоғарғы сотта әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Заң жобасын Парламент депутаттары әзірлеген болатын. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енетін болса, сот жүйесіне де өзгеріс қажет. Қолданыстағы заң жаңа кодекстегі міндеттерге толық жауап бермейді. Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің айтуынша, Жоғарғы сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасы құрылған кезде қазіргі мамандандырылған сот алқасы таратылады. Облыстық соттарда да тиісті сот алқалары құрылады. Сондай-ақ сот төрағасы мен судьяларды тағайындау талаптарында да біраз өзгеріс болады.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі