USD
USD
USD

Жоғарғы сот Сейітқазы және Әсет Матаевтарды толық ақтап, мемлекет атынан кешірім сұрады

Жоғары сот танымал қазақстандық журналистер Сейітқазы және Әсет Матаевтарды толық ақтады, деп хабарлайды NEGE.kz.

Жоғарғы сот Сейітқазы және Әсет Матаевтарды толық ақтап, мемлекет атынан кешірім сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жоғары сот бүгінгі отырыста Астана қаласы сотының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы Сейітқазы және Әсет Матаевтарға қатысты үкімінің күшін жойды. Судья Матаевтардың оңалтылғанын және ақталғанын түсіндірді. Олар қылмыстық процесті жүргізген органдардан келтірілген шығынды өндіріп алмақ.

«Бүгін Жоғарғы соттың шешімі бойынша біз толық ақталдық. Және мемлекет атынан бізден кешірім сұрады. Әзірге басқа ақпарат жоқ. Үкімді енді қолымызға аламыз. Біздің пәтерлеріміз, автокөліктеріміз және ғимараттарымыз тәркіленген болатын. 2016 жылы бізге іс қозғалған кезде прокуратураға, қаржы полициясына, ескі Қазақстанның заңсыз жүйесіне қарсы шығып, прецедент жасадық. Жаңа Қазақстанда әділдік жеңді деп ойлаймын», - деді Әсет Матаев.

Ақталғаннан кейін бұл отбасыға тиесілі тәркіленген дүние-мүліктер түгел қайтарылады.

«Бірақ біз үшін ең маңызды нәрсе бұл емес. Маңыздысы – алты-жеті айдың ішінде нағыз коррупционерлердің сорақы істері анықталып жатқаны. Қазір әкем ауырып жүр. Жазылған соң, қайта қарап, ғимараттарды реттеп, Ұлттық баспасөз клубын қайта жандандыруды қолға аламыз», - деді Әсет Матаев.  

Естеріңізге сала кетсек, Сейітқазы және Әсет Матаевтар 2016 жылы сотталған болатын. Қылмыстық қудалау кезінде ҚазТАГ агенттігін тартып алмақ та болды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай