USD
USD
USD

Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Жақып Асанов бұрынғы кеңесшісінің іздеуде жүргеніне қатысты пікір білдірді

Асановтың айтуынша, Қарлығаш Құрмашқызы Тәткеева Жоғарғы сотқа қалалық соттан уақытша жіберілген, ол сол жерде судья болып қызмет атқарған.

Жақып Асанов
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. «Мен ол туралы (іздеуде жүргенін) жаңа ғана естідім, біздің баспасөз қызметкерлеріміз айтты. Жоғарғы сот құрамында шамамен 20 адамнан тұратын төрт хатшылық бар. Олардың әрқайсысын «кеңесші» деп атауға болады, өйткені олардың міндеті – істермен танысып, өз пікірлерін білдіру. Бірақ төраға тек хатшылық меңгерушісі мен оның орынбасарымен тікелей жұмыс істейді. Тәткеева туралы жеке ештеңе айта алмаймын, онымен тікелей жұмыс істедім деп те айта алмаймын. Өйткені, хатшылық құрамында болды. Ал оның қандай іс бойынша қылмыстық қудалауға түскені жайында айта алмаймын», — деді Асанов Nege.Aqsha журналисіне берген сұхбатында.

Тәткеева
Фото: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары

Біздің сенімді дереккөзіміздің мәліметінше, Тәткеева алаяқтық ісі бойынша тергеу аясында назарға іліккен, бұл істе басты күдіктілер — басқа адамдар. Ол сот дауын шешіп беремін деп 500 мың доллар сұраған делінеді. Бірақ мәселе шешілмей, ақшаны қолхат арқылы делдалдар арқылы қайтарған. Алайда делдалдар ақшаның бәрін кері қайтармаған, соның салдарынан жәбірленуші арыз жазған. Бұл туралы білгеннен кейін Тәткеева жасырынған. Бұл ақпарат қазіргі таңда ресми түрде расталмаған.

Қазір оқып жатыр

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу