USD
USD
USD

Жоғарғы сот мектепке орамал тағып баруға болады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Жоғарғы сот мектепке орамалмен баруға болады деген ақпаратты жоққа шығарды.

Хиджаб
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралуда. Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған.

Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі.

Сонымен қатар, бейінді Министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған.

Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз.

Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік