USD
USD
USD

Жоғалып кеткен туристер табылды

Алматыда қызметтік иттің көмегімен тауда адасқан туристер табылды. 

Жоғалып кеткен туристер табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. 10 сәуірде кешкі уақытта Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Кім-Асар шатқалында ер мен әйел адамның адасып кеткені туралы хабар түсті.

Іздестіру барысында ұялы байланыс арқылы адасқандардың нақты геолакациясы анықталады. Туристерді табуға иттің көмегі көп болған.

«Туристер Бутаков шатқалы жақта адасып кеткен. Қар қалың болғандықтан киімдері су болған. Құтқарушылар оларға жылы киім беріп, қауіпсіз жерге жеткізді», - делінеді РЖҚЖ хабарламасында.

Құтқарушылар тауға шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін барынша сақтауды және егер сізге көмек қажет болса, 112 немесе 8 (727)372-15-60 ( РЖҚД) телефон нөмірлеріне қоңырау шалулы ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов