USD
USD
USD

Жоғалып кеткен 7 жасар ұл өлі күйінде табылды

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы Зубовск ауылында жоғалып кеткен 7 жасар бала өлі күйінде табылды.

Жоғалып кеткен 7 жасар ұл өлі күйінде табылды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаментінен мәлім еткендей, іздеу жұмыстары тоқтатылды. Зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар ұл баланың денесі Зубовск ауылына жақын жерден табылды. Полицейлер күдікті ретінде Зубовск ауылының тұрғынын ұстады. Оны соңғы рет баланың жанында көргендер бар. «Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шаралары барысында күдіктіден қылмысты мойындау жауабы алынды. Ол Алтай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды», – деп мәлім етті ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Еске салайық, баланың ата-анасы оның жоғалып кеткені жөнінде полицияға 30 тамыз күні хабарлаған. Олардың айтуынша, бала әдеттегідей, велосипед тебуге шығып кеткен. Алайда, біраз уақыттан соң оны таппай қалған. Ата-анасы өздігімен іздеу жұмыстары нәтиже бермегеннен кейін, тәртіп сақшыларына жүгінген. Хабар түсісімен «Дабыл» белгісі жарияланып, полицияның барлық жеке құрамы, волонтерлер, сондай-ақ ауыл тұрғындары баланы іздеустіруге кірісті.

Қазір оқып жатыр

АҚШ жемқорлық пен есірткі тасымалына қатысы бар шетелдіктерге виза шектеуін енгізді

АҚШ-қа виза

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев