USD
USD
USD

Жоғалған жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр

Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында кәмелет жасына толмаған Анна Карпенко атты жасөспірім қыз жоғалып кетті.

Жоғалған жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Polisia.kz мәліметінше, бойжеткен Валерьяновка атты ауылда тұратын. Ол 9 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған. Анна Карпенко бұған дейін де бірнеше мәрте үйінен кетіп қалған. Сондықтан полиция бөлімінде арнайы есепте тұр. Қыздың ата-анасы полиция бөліміне 10 қыркүйекте шағымданған. Бойжеткенді іздеуге полицейлер ғана емес, ауданның және Лисаков қаласының волонтерлері де белсене атсалысып жатыр.

Сонымен қатар іздеу жұмысына білім бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар да тартылған. Барлығы 150 адам Аннаны іздеп табуға жұмылдырылды.

Жоғалған қыздың белгілері: бойы – 172 см, шашы – ақшыл сары, иығына түседі, көзі – сұр-жасыл түсті. Үйінен кеткен кезде үстінде көкшіл түсті шорты, сары жейде, қызыл кроссовка болған. Жасөспірім туралы қандай да бір мәлімет білетін тұрғындар 8-714-363-74-63, 8-771-898-28-38 немесе «102» нөміріне хабарласа алады. Тәртіп сақшылары адам жоғалғанда бірден полицияға хабарлау керектігін еске салады. Әсіресе кәмелет жасына толмаған бала хабар-ошарсыз кеткенде тезірек полицейлермен бірге іздеуге кіріскен жөн.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны