Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жоғалған көлік апатқа ұшыраған

Петропавлда жоғалған жеңіл көлік Аққайың ауданында күйген қалпында табылды. Жанында зардап шеккен адамдар болған.

Жоғалған көлік апатқа ұшыраған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусым күні таңертең Петропавл полициясына қала тұрғыны келіп, түнде біреулердің «Audi С4» автокөлігін айдап әкеткені туралы айтқан.

Тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, бақылау-өткізу пунктері, аумақтық бөліністер бағдарланды.

Нәтижесінде Аққайың ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қиялы ауылының маңындағы жолда жоғалған көлікке ұқсайтын жанып кеткен машинаны тапты.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаровтың айтуынша, көлік қасында жол-көлік оқиғасында зардап шеккен екі адам болған.

Екеуі де жедел жәрдеммен аудан орталығы Смирновтағы медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бабы бойынша енгізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев