Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жоғалған әйел танысының үйінен табылды

Ақмола облысында мереке күндері жоғалған әйел танысының үйінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғалған әйел танысының үйінен табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылдың 3 қаңтарында Ақкөл аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, 54 жастағы әйел жүгініп, әпкесін іздеп табуға көмек сұраған. Оның сөзінше, әпкесі 1 қаңтар күні кешкі сағат 22:00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. Жоғалған әйелді іздестіру шараларына Ақкөл ауданды полиция бөлімінің барлық жеке құрамы тартылып, жедел-іздестіру тобы құрылды. Ақмола облысы бойынша барлық полиция жасағына жоғалған әйелдің белгілерімен бағдар жіберілді. «Жедел-іздестіру шаралары барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жоғалған әйелді танысының үйінен тапты. Анықталғандай, бойдақтар мерекелік кешті бірге өткізуді ұйғарған. Полицейлер әйелмен профилактикалық әңгіме өткізді» дейді ведомстводан. Әйелге қатысты қандай да бір қылмыс пен құқық бұзушылық жасалмаған. Осы ретте тәртіп сақшылары осындай жағдайларды алдын алу мақсатында өңір тұрғындарына тұрғылықты жерінен немесе келген жерінен ұзақ уақытқа кеткен кезде жақындарын хабардар етуге, ал алыс сапарға жалғыз шықпауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы