USD
USD
USD

Жоғалған 75 жастағы зейнеткер табылды

«Түркістан облысының полицейлері жоғалған 75 жастағы әжені үйіне қайтарды», деп хабарлайды Polisia.kz.

Жоғалған 75 жастағы зейнеткер табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Онда үйіне қыдырып келген анасының шамамен 15:00-дер шамасында белгісіз бағытқа шығып, жоғалып кеткенін көрсеткен.

Екі күн бойы өз беттерінше іздеуден нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Бұл жайтқа байланысты тәжірибелі полиция қызметкерлері жұмылдырылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары көп ұзамай 75 жас шамасындағы қарт әжейді бейтаныс үйге шатасып кіріп кеткенін анықтады. Олар анасын қызына аман-есен қауыштырып, алғыстарын алды.

Арызданушы азаматша өз сөзінде: «Анамды тауып берген барша полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Сіздер болмағанда әлі күнге дейін таба алмас едік. Полицейлер адал еңбектерімен қандай істің болмасын қиыншылығына төтеп береді. Өз істерінің нағыз майталмандары. Істеріңіз алға баса берсін», – деп ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері қарт ата-аналарды, балаларды қараусыз қалдырмауды, жеке өзін ешқайда шығармауды ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

.

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

сот

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Сот балғасы

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

Курьер