USD
USD
USD

Жоғалған 3 жасар бала табылды

Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жоғалған 3 жасар бала табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкент қаласы Полиция департаментінің “102” жедел басқару орталығына Абай ауданы, Гагарин көшесінің тұрғыны өзінің үш жасар баласының жоғалып қалғаны туралы арызданған. Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция полкінің 6-рота №881 автоэкипажының қызметкерлері Н.Мақұлбеков және А.Ахметов жоғалған баланы іздеу шараларын жүргізген.Нәтижесінде үш жастағы жасөспірім Гагарин көшесі бойындағы “Шымқала” тойханасының маңайынан табылған. Шұғыл әрекет еткен Полиция қызметкерлері баланы дін аман анасына табыстады. Тәртіп сақшыларының сапалы жұмыс істеп, шұғыл әрекет етуіні арқасында баласымен қауышқан ана шексіз алғысын білдірді. Полицейлер ата-аналарға балаларының қауіпсіздігі үшін үнемі бақылап, көз жазбауларын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов