USD
USD
USD

Жириновскийдің жағдайы мүшкіл

Ресейдің Либерал-демократиялық партиясының төрағасы, әйгілі шовинист Владимир Жириновский короновирус жұқтырып алып, ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Бұл туралы ТАСС хабарлады. 

Жириновскийдің жағдайы мүшкіл
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ТАСС-тың хабарлауынша, 75 жастағы Жириновскийді жедел жәрдеммен Мәскеудің орталық клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізген. Кейбір деректерге қарағанда, оның өкпесінің 75 пайызы қабынған. 

«Владимир Вольфович қазір ауруханада. Жағдайы ауыр. Өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған. Оның Орталық клиникалық ауруханада жатқанына екі күн болды», – депті ақпарат көзі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жириновскийдің ауруханаға түскені, тіпті оның о дүниеге аттанып кеткені туралы деректер тараған. Ал либерал-демократтардың айтуынша, ол қазір ауруханада мүшкіл халде жатқанына қарамастан, жұмыс істеп жатқан көрінеді...

Қазір оқып жатыр

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ