USD
USD
USD

Жириновский қазақтар туралы тағы көкіді

Ресейлік даңғой саясаткер Владимир Жириновский «Комсомольская правда» радиосына сұхбат беріп, Қазақстанға және қазақтарға қатысты тағы көкіді.

Жириновский қазақтар туралы тағы көкіді
Фото: NEGE.kz

«...Мен Алма-Атада тұрдым ғой. Онда, жалпы Қазақстанда орыстар көп болатын. Класта 30 адам болса, қазақтар – үшеу. Олар сіңісіп кетті, өздерін жақсы сезінетін, тек орысша сөйлейтін. Одан соң Алма-Атада қазақ мектептерін аша бастады. Ешкім бармайды, барлығына орыс мектебінде, орыс балаларымен бірге оқыған тиімді. Бәрі ерікті түрде болуы керек. Дүңгіршектерде қазақ және орыс тіліндегі газеттер тұрады. Орысша газеттерді сыпырып алып кетеді де, қазақ газеттері өтпей жатады. Одан кейін макулатураға кетеді.

Бұл ұлттандыруды Хрущев бастады. Енді бізде ондай жоқ. Бірақ олар (қазақтар – ред.) бізге келеді, ана жақта өмір сүру мүмкін емес. Онда квазимемлекеттік, сондықтан да кедей.

Олар Ресейге келуге тырысады. Онда былай істейік, оларды әкелейік те, бос жатқан жерлерге қоныстандырайық. Кедергі туындамас үшін өз отбасымен тұрсын. Ең дұрысы – өз үйлерінде қалсын. Бізге артық адам керек емес».

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.