USD
USD
USD

ЖІӨ 3,1%-ға дейін артуы мүмкін

Пандемияға қарамастан, еліміздің

ЖІӨ 3,1%-ға дейін артуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

ЖІӨ-сі артуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Қазір біз Үкіметте бюджетті нақтылау аясында алдағы үш жылға арналған болжамдардың жаңа кезеңін қалыптастыруға кірістік. Атап айтқанда, 2021 жылға арналған болжамымызды нақтылаймыз. Бәлкім, кішігірім арттыратын шығармыз. Бұл сыртқы-экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты. Соңғы уақытта мұнай бағасының қалай өзгергенін және экономикамыздың белгілі бір секторларда қарқын алып келе жатқанын көріп отырмыз», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Әсет Ирғалиевтің айтуынша, биыл ЖІӨ өсімінің болжамы 3,1%-ға дейін артуы мүмкін. Өткен жылы ЖІӨ өсімі 2021 жылы 2,8% деңгейінде болады деп болжанған еді.

Қазір оқып жатыр

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова