USD
USD
USD

Жыныстық қатынасқа түсуді талап еткен: Қызылордада танысын бопсалаған күдікті қамалды

Қызылордада танысын қорқытып, жыныстық қатынасқа түсуді талап еткен күдікті қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыныстық қатынасқа түсуді талап еткен: Қызылордада танысын бопсалаған күдікті қамалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицияға 22 жастағы бикеш танысының өзін масқаралайтын мәліметтерді жария етемін деп қорқытып, бопсалау арқылы еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсуді талап ететінін айтып, арызданды.

Аталған дерек бойынша Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері және Арал аудандық полиция бөлімі қызметкерлері бірлесіп, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде кезекші тәулікте 28 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты