USD
USD
USD

Жынысы көрсетілмейтін жеке куәліктер берілетін болады

Аргентинада тұрғындар әйел немесе еркек деген жынысы көрсетілмеген жеке куәлік ала алады.

Жынысы көрсетілмейтін жеке куәліктер берілетін болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл туралы ел президенті Альберто Фернандес мәлімдеді.

“Біз құжат алу кезінде ешкімнен оның еркек немесе әйел екенін сұрамайтындай деңгейге жетуге қадам жасадық. Мемлекет өз азаматтарының жыныстық бағдарына немесе олар қандай жынысқа өзін жатқызатыны туралы шаруасы болмауы керек. Мемлекетті мазалауы тиіс сұрақтар: балалар білім алып жатыр ма, вакцинацина ала ма, салық төлеп жатыр ма, қылмыс  жасай ма осындай, — дейді Фернандес.

Айтуынша, өздерін еркек немесе әйелден бөлек етіп танитындар болады және  оларды құрметтеу керек.

“Олар әрқашан болған, тек бұрын бұл жасырылған. Осы мәселелерді көтермесек, біз миллиондаған адамдарды бақыттан айырамыз, оларды бақытты болу мүмкіндігінен айырамыз, — деп атап өтті президент.

Енді жеке куәліктегі жыныс бағанында Аргентина тұрғындары "F" (әйел жынысы) немесе "M" (еркек жынысы) әріптерінің орнына "Х" нұсқасын таңдай алады.

"Жыныс" бағанындағы "X" белгісі мынадай мәндерге ие болады: бинарлық емес, анықталмаған, <...>. Мұны өзін ер адам да, әйел ретінде де сезінбейтіндер анықтай алады.

Қазір оқып жатыр

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев

Қостанай облысында ер адамға қасқыр тап берді

Қасқыр

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев, Айбек Дәдебай

Қазақстан астығын экспорттаумен шектелмеуі керек: депутат агросектордағы басты мәселені атады

Ауыл шаруашылығы