USD
USD
USD

Жындарды қуамын деп полицейдің аяғын басып кетті

Алматыда полицейдің аяғын басып кеткен қаруланған ер адамның деструктив ағым ұстанғаны анықталды, - деп хабарлайды

Жындарды қуамын деп полицейдің аяғын басып кетті
Фото: NEGE.kz

Tengrinews.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. Еске салайық, бұл оқиға 8 сәуірде Әуезов ауданында болған еді. Subaru жүргізушісі полицейлердің талабына бағынбай, керісінше полиция қызметкерінің аяғын басып кеткен еді.

Кейінірек ер адам ұсталды. Полицейлердің айтуынша, ұсталған ер адам қасында жүрген адамдардың барлығы оны жынды деп санайтынын айтқан.

Осыған байланысты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы ("Билік өкіліне бағынбау") бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. 

Тергеу барысында ер адамның деструктив ағым ұстанатыны анықталды.

Ол бұл әрекетіне өкінетінін айтады.

"Жындарды қуамын, дуаны кетіремін, эзотерикалық проблемалардың барлығын шешемін. Осы жағдай үшін барлық қызметкерден кешірім сұраймын. Осылай болып қалды, оған себеп бар: мен күйзелісте жүрдім. Олардың жұмысын бағалаймын, олар өз жұмысын дұрыс атқарып жүр. Солардың арқасында біздің елде тәртіп орнаған", - дейді ұсталған ер адам.

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu