USD
USD
USD

Жылжымалы дәріхана ашылды

Қарағанды облысында жылжымалы дәріхана ашылды.

Жылжымалы дәріхана ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында белгілі бір аурулар бойынша есепте тұрған шалғай аудандардың тұрғындары үшін қажетті тегін дәрі-дәрмектерді жеткізетін жылжымалы дәріхана пункті іске қосылды.

Жаңаарқа ауданында шалғайдағы ауыл тұрғындарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін жылжымалы дәріхана пункті іске қосылды.

«Жылжымалы дәріхана пункті созылмалы аурулармен ауыратын және есепте тұрған ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізетін болады. Ол елді мекендерге кесте бойынша қатынайды», – деп атап өтті Жаңаарқа ауданы әкімдігінде.

Жаңаарқа ауданында бір стационарлық әлеуметтік дәріхана жұмыс істейді. Ол аудандық орталық ауруханада орналасқан. Дәрі-дәрмек сатып алу үшін шалғай ауылдардың тұрғындары бұрын аудан орталығына баруға мәжбүр болған. Енді дәріхана оларға өзі барады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков