USD
USD
USD

Жылу маусымына толық дайынбыз ба?

 Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жылыту маусымының басталуы жөнінде жиналыс өткізді. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жылу маусымына толық дайынбыз ба?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алдағы жылу маусымына дайындалып жатырмыз. Ең алдымен мектеп, балабақша, медицина мекемелері сынды әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Әлеуметтік мекемелердің ғимараттары жылу маусымына толық дайын. Сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлерге де жылу беріле бастайды. Жаңа нысандарға қосатын жылу көздерін анықтадық, қазір қуатты тексеріліп жатыр. Ал жеке сектор тұрғындары үшін қаланың әр жерінде орналасқан 11 көмір сататын орын белгіленді. Алып-сатарлық не түсінбестік болдырмас үшін көмір қоймаларына көмір жеткілікті мөлшерде әкелінді. Көмірдің бағасы, түрі сияқты толық ақпаратты 109 желісіне хабарласып біліп отыруға болады. Сонымен қатар елді мекендерді газдандыру жұмысы жалғасып жатыр.

Мәселен, Железнодорожный елді мекенінде газбен жабдықтайтын тарату желілері толық жүргізілген. Промышленныйда, Көктал 2-де 95%, Көктал 1-де жұмыстар 80%-ке бітіп тұр. Мұндай жұмыстар Агрогородок, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында да жүріп жатыр. Осы тұрғын алаптардағы үйлер, оның ішінде Агрогородоктың жартысы биылғы жылу маусымында газды қолдана алады. Тұрғындар үйлерін газға қосуға техникалық шарттар алу үшін фронт-кеңселерге баруы керек. Бұдан өзге, биыл 1-ЖЭО мен 2- ЖЭО бір бөлігін газға көшіреміз. Ауа температурасы 5 күн шамасында +10 градус (және одан төмен) болып тұрса, онда жылу беру басталады», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық