USD
USD
USD

Жылу электр орталықтарының тозу себебі айтылды

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов тозығы жеткен жылу электр орталықтары жайлы айтты.

Жылу электр орталықтарының тозу себебі айтылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Еліміздегі жылу электр орталықтарының 66 пайызы тозған. Ал кей өңірлерде 80-90 пайыздан асып түседі. Оның себебі - қаражаттың дұрыс бөлінбеуі, екінші себеп - бақылаудың болмауы. Осы орайда жылу электр орталықтарының жұмысын қадағалайтын энергобақылау комитетінің қызметін күшейтпекпіз. Яғни, комитетке ЖЭО-ын өздегінен тексере алатындай құзырет беріледі. Сол сияқты еліміздегі жылу электр орталықтарын комитетке беру жағын ұсынып отырмыз. Қазір ЖЭО жергілікті әкімдіктердің қарауында», - деді Болат Ақшолақов Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Министрдің айтуынша, аталған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін алдымен заңға өзгерістер енгізу қажет.

«Біз Үкіметке ұсыныстарымызды жеткіздік, Одан әрі қалай болатыны келер жылдың бірінші тоқсанында белгілі болады», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық