USD
USD
USD

Жылқы іздеп шығып, тауда жоғалып кеткен 16 жасар 2 жасөспірім табылды

Түркістан облысы Созақ ауданының полициясына 26 маусым күні таңертең 11 бас жылқы мен 7 бас құлынын түгендеу үшін тауға шығып, қайта оралмаған екі кәмелетке толмағандар туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Полиция. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жасөспірімдер мотоциклмен жылқыларды іздеу үшін таулы аймаққа бет алған. Олардың кеткеніне біршама уақыт болғаннан кейін, туыстары полициядан көмек сұрады.

Кәмелетке толмағандарды іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, құтқарушылар, 30 астам еріктілер, қызметтік иттер, сондай-ақ, дрондар мен тікұшақ жұмылдырылды.

Кейін белгілі болғандай, жасөспірімдер тауда адасып, 30-35 шақырым алыстап кеткен. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде полиция балаларды тікұшақтың көмегімен тауып алды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы