USD
USD
USD

Жылқы шаруашылығы институты 2025 жылы іске қосылады

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ақтөбе филиалы базасында Жылқы шаруашылығы институты 2025 жылы іске қосылады.

Ат
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Үкімет отырысында Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін аграрлық ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет шаралар кешенін іске асыруда. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ақтөбе филиалы базасында Жылқы шаруашылығы институты құрылып жатыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына Институттың биыл толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті рәсімдердің барлығын осы жылдың соңына дейін аяқтау міндеті қойылды.

Инновациялық технологияларды енгізу және агроөнеркәсіптік секторды қарқынды дамыту үшін әлемдік тәжірибені қолдануға ерекше назар аударылады.

«Мемлекет басшысы 2028 жылы отандық тұқым қорының көлемін 80%-ға, оның ішінде элиталық тұқым көлемін кемінде 15%-ға дейін жеткізуді тапсырды. Бізде әлеует жеткілікті. Ғылыми институттар қазірдің өзінде астықтың өнімділігін арттыратын тұқым сорттарын шығарып жатыр. Біз үздік әлемдік практикаларды қолдана отырып, агрономия ғылымын одан әрі дамытатын боламыз. Ауыл шаруашылығы және Ғылым және жоғары білім министрліктері аталған мәселе бойынша жүйелі шешімдер дайындауы керек», — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді