USD
USD
USD

Жылқы айдап кеткен: Ұлытау облысында жоғалып кеткен тұрғын табылды

Мотоциклмен жылқы айдаған Қаражал қаласының тұрғыны үш күннен кейін табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қаражалдың 30 жастағы тұрғыны Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылдық округі мен Қаражал қаласы Шалғия кентінің елді мекендері арасында мотоциклмен жылқы айдау кезінде жоғалып кетті.

Үш күн бойы туыстары жоғалған жігітті өз күштерімен іздеп таба алмаған соң, полициядан көмек сұрады. Жедел-іздестіру жұмыстарына Қаражал қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті төтенше жағдайлар бөлімі және жергілікті атқарушы билік өкілдері атсалысты.

Жоғалған адамды полицейлер Шалғия ауылынан 100 шақырым жерде даладан тапты.

– Мотоциклімнің жанар-жағар майы таусылып, ұялы байланыс мүлдем болмады. Адасқанымды сезіп, жақын жерден елді мекен іздеп көрмек болдым. Далада екі түнеп үшінші күні полиция қызметкерлері мені тауып алды. Полиция бөлімінің басшысына және барлық мені іздеуге атсалысқан жерлестеріме алғысымды айтамын, – дейді Еркебұлан Сәрсекеев.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған