USD
USD
USD

Жылыту маусымы қашан аяқталады?

Алматыда жылыту маусымын 22 сәуірде тоқтату жоспарлануда, деп мәлімдеді Алматының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Жылыту маусымы қашан аяқталады?
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Біз барлығын түсінеміз, қазір көптеген қоңыраулар келіп түсуде, хабарласқандардың көбі жылуды тоқтатуымызды сұрауда. Дегенмен біз әркез ережені басшылыққа аламыз, сол ережеге сәйкес, егер соңғы бес күнде орташа тәуліктік ауа температурасы +8 градус болса, біз сөндіруге дайындаламыз. Бірақ біз 22-сіне жоспарлап жатырмыз, сәрсенбіден бастап жылыту маусымын тоқтатуымыз мүмкін», – деді Масабаев дүйсенбідегі брифингте.
Бұл ретте ол атап өткендей, медициналық мекемелерде жылыту маусымы кешірек тоқтатылады.
«Бұл жерде тағы бір мәселе бар: қазір көптеген адамдар ауруханаларда жатыр, басқа мекемелерде де өз ерекшеліктері бар. Соған қарамастан біз жылыту маусымын кешірек тоқтатамыз», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті

Қазақстан электронды үкімет рейтингінде 24-орынға көтерілді

Цирфлы Қазақстан