USD
USD
USD

Жылына 100 мың отандық көлік шығару жоспарланып отыр

Қостанай автомобиль зауытындағы "Chevrolet" маркасының жаңа үлгілерін құрастыратын Қазақстан-Өзбекстан бірлескен желісінде жыл соңына дейін 1 мыңнан астам жоғары өнімді жұмыс орны ашылады. 

Жылына 100 мың отандық көлік шығару жоспарланып отыр
Фото: NEGE.kz

Қызметтер мен өндіріс секторлары арасында жұмыс күшінің ағылуы ұлғайып келе жатқан кезде жоба ерекше маңызға ие, деп хабарлайды ҚР ИИДМ Баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта зауыт толық жүктемемен үш ауысымда жұмыс істейді.   Жаңа өндірістік желіде "Chevrolet" маркалы автомобильдердің Damas, Labo, Trailblazer, Malibu, Spark сияқты бірнеше түрін құрастырады.

"Chevrolet Damas" автобусы мен "Chevrolet Labo" жүк машинасы құнының ақырғы қолжетімді құны шамамен 3 млн теңгені құрап, сауда, логистика, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы шағын және орта бизнес үшін тартымдылығын арттырады.     

Қазақстанда автомобиль жасау – экономиканың серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі. Ағымдағы жылы автомобиль өнеркәсібі өнімдерінің жалпы көлемін жылына 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Салада оқшауланудың орта деңгейі 50%, коммерциялық техникалар мен автобустар бойынша 60-65% дейін жетеді.

Қазір оқып жатыр

Қарағандыдағы кәсіпорында екі жұмысшының қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

жұмысшы қазасы

Жауыннан соң көлігі бүлінген астаналық өтемақы талап етті: әкімдік не дейді

нөсер

Санкт-Петербургте ғарышты игеруге арналған фотокөрме ашылды

Kazinform

Грузиядағы ірі МӨЗ ресейлік мұнайдан бас тартып, қазақстандық мұнайға көшуде

мұнай