USD
USD
USD

Жылдың үздік музыканты анықталды

 Apple Music Awards дәстүрлі музыкалық сыйлығының қорытындысы жарияланды.

Жылдың үздік музыканты анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жылдың хип-хоп-орындаушысы атағы Lil Baby-ге бұйырды. Бұл туралы Apple компаниясының сайты хабарлайды. «Бұл жыл менің өзгеруіме сеп болды. Қазір дауысымды музыкам арқылы жеткізе алатынымды сеземін. Сондықтан жанкүйерлеріме және олармен байланыс жасауға мүмкіндік берген Apple Music-ке алғыс айтамын», – дейді музыкант. Ал рэпер Megan Thee Stallion «Жыл жаңалығы» атанды. Оның Бейонсе және Карди Бимен бірге жазылған әндері Apple Music-те 300 миллион рет тыңдалған. Тейлор Свифтке әннің үздік авторы атағы бұйырды. Оның folklore альбомы Apple чарттарында көпке дейін топ бастап тұрған. «Үздік ән» номинациясында The Box трекімен рэпер Родди Ричке тең келер ешкім табылмады.

Қазір оқып жатыр

Жапонияда Азия Пара ойындары басталды: Қазақстаннан 150 спортшы қатысады

.

Жетісу облысында шағын автобус КамАЗ-ға соғылып, екі адам қаза тапты

kris_p_kaz/Instagram/ ЖИ арқылы өңделген

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп