USD
USD
USD

Жыл спортшысы-2019 белгілі болды

Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы (AIPS) "Барселонаның" аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессиді 2019 жылдың үздік спортшысы деп таныды.

Жыл спортшысы-2019 белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеңімпаздар AIPS мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталған. Мессиге қауымдастық мүшелерінің 13,11 пайызы дауыс берген. Үздік үштікке кениялық жеңілатлет Элиуд Кипчоге (12,01 пайыз) мен испаниялық теннисші Рафаэль Надаль (9,38) енді. 

Ал әйелдер арасында үздік спортшы атағын америкалық гимнаст Симона Байлз алды. Оны дауыс берушілердің 15,04 пайызы таңдаған.

ТОП-3 тізіміне америкалық футболшы Меган Рапино (13,51) мен ямайкалық жеңілатлет Шелли-Энн Фрейзер-Прайс (11,01) енген. 

AIPS жылдың үздік командасы деп англиялық "Ливерпульді" атады. Команда 2019 жылы футболдан Чемпиондар лигасы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған. 

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қарин

Kaspi Gold енді Apple Pay-де

Kaspi

Атыраудағы Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс жаңа айыптармен толықтырылды

Адам ұрлау

Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады

Kaspi