14 Маусым 11:17
...

Жыл соңында инфляция 13-15 пайыз деңгейінде болады

Фото:

2022 жылдың соңында инфляция 13-15 пайыз деңгейінде болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Ұлттық банк 2022 жылдың соңында инфляция 13-15 пайыз деңгейінде болады деп болжайды. Болжам тұтыну нарықтарының теңгерімді дамуына назар аударылатын Үкіметтің инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру барысы ескеріле отырып жасалды. Осы шаралар кешені табысты іске асырылған кезде инфляция болжамның төменгі шегіне дейін жетуі мүмкін», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның атап өтуінше, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі біршама жеделдейді деп күтіледі. Ол жанар-жағармай бағасы реттелетін өсіммен тежеледі. Ақылы қызметтердің инфляциясы 2021 жылдың жоғары базасына байланысты бәсеңдейді.

«Реттелетін коммуналдық қызметтер бағасының оларды көтеруге мораторий аяқталғаннан кейін қымбаттау тәуекелдерін, сондай-ақ жоғары инфляциялық күтулер аясында нарықта көрсетілетін қызметтер бағасының өсуін атап өтеміз», - деді Ғалымжан Пірматов.

Тегтер: