USD
USD
USD

Жыл соңына дейін 294 отбасы жалдамалы баспанамен қамтылады

Бүгін Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде тұрғындармен жүздесіп, тұрғын үй кезегі, оның жылжуы тұрғысында қойылған сұрақтарға жауап берді.

Жыл соңына дейін 294 отбасы жалдамалы баспанамен қамтылады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрғандарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдамалы пәтер белгіленген тәртіппен кезек ретімен берілетінін және кезек реттілігі толығымен автоматтандырылғанын айтты.

- Шымкент қаласы республика бойынша тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатқан аймақтар қатарында. Биыл 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланған. 300 пәтер жыл басында жұмыс істейтін жастарға, 382 пәтер кезек ретімен берілді. Жыл соңына дейін қалған 294 отбасы жалдамалы баспанаға қол жеткізеді,- деді А.Рысжанов.

Тұрғын үй кезегіндегілер үшін «Шаңырақ» бағдарламасымен 1728 пәтерлі 27 көп қабатты тұрғын үй кезең-кезеңімен берілуде. Бүгінде 17 үйдің инфрақұрылымдық коммуналдық қызметтері іске қосылып пәтер иелеріне кілттері берілді.

Басқарма басшысы эфир кезінде тұрғындардан түскен отыздан аса сұраққа жауап берді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек