USD
USD
USD

 Жыл соңына дейін 13 млн шаршы метр баспана өз иесін табуы тиіс

Бағдарлама жүзеге асқан 2017 жылдан 2019 жылдың 10 айына дейінгі уақытта 33,35 млн шаршы метр үй салынды. Бұл 300 мыңдай отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Тұрғын үй саласына 3,3 трлн теңгеден астам инвестиция салынды. Оның 85 пайызы жеке инвесторлардың қаражаты», –

 Жыл соңына дейін 13 млн шаршы метр баспана өз иесін табуы тиіс
Фото: NEGE.kz

деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

Алматы, NEGE. Оның атап өтуінше, бағдарламада алғаш рет көпбалалы отбасылар мен жұмыс істейтін жастарға арнап жалдамалы тұрғын үй салу, табысы төмен отбасыларға жеңілдетілген несие, жеке құрылыс салушыларға субсидия беру сияқты тетіктер іске асырылды. «Бүгін біз құрылыс қарқыны бойынша алдыңғы қатардағы өңірлерді атап өттік. Бұл – Қызылорда, Ақтөбе және Түркістан облыстары. Бірақ, артта қалған өңірлер де бар. Оларда биыл тұрғын үй салу қарқыны төмендеп, бөлінген қаражат толығымен және уақытында игерілмей отыр. Олар – Павлодар, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. Индустрия министрлігі, «Бәйтерек» холдингі және өңірлердің әкімдері биылғы жылға жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Біз осы жылдың қорытындысында 13 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беруміз қажет», – деді Асқар Мамин.

Осы жылдың соңында 2025 жылға дейінгі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын қабылдануы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп