USD
USD
USD

Жыл қорытындысы бойынша ШҚО-ның жалпы өңірлік өнімі 4,4 трлн теңге болады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып өтті. 

Жыл қорытындысы бойынша ШҚО-ның жалпы өңірлік өнімі 4,4 трлн теңге болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Облыстың жалпы өңірлік өнімі жыл қорытындысы бойынша 3% өсіммен 4,4 трлн теңгеге жетеді. Өнеркәсіп өндірісінің қарқыны 9%-ға, ауыл шаруашылығы 5%-ға, негізгі капиталға салынған инвестиция 7%-ға, бөлшек тауар айналымы 8%-ға артады», – деді аймақ басшысы.

Жұмыссыздық деңгейі - 4,6%, 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 23 мыңы – тұрақты жұмыс орны. Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 420 млрд теңге салық түсті.

Биыл облыс бюджеті 496,4 млрд теңге болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев