USD
USD
USD

Жыл басынан СҚО-ның көші-қон қызметі 68 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысы көші-қон қызметінің қызметкерлері азаматтарға 68617 мемлекеттік қызмет көрсетті

Жыл басынан СҚО-ның көші-қон қызметі 68 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басым бөлігі электронды түрде, ІІМ-нің ақпараттық жүйелері арқылы алты мыңнан астам қызмет көрсетілген. Соншама рет шетелдіктер – жерлестеріміздің қонақтары немесе еңбекші көшіп келушілер жыл басынан СҚО-да тіркелген. Облыс тұрғындары негізінен “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясына жүгінеді. Қызметтердің басым бөлігі электронды форматта көрсетіледі, заманауи гаджеттерді пайдалана қоймайтын аға буын өкілдері көп жағдайда қағаз түріндегі қызметке жүгінеді.

– Көші-қон желісі бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерге Қазақстан азаматтарын жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен құжаттандыру, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелу және есептен шығу жатады, – деп атап өтті СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. – Кез-келген адам “Электронды үкімет” порталында тұрғылықты жері бойынша өзі тіркеле алады. Ол үшін бар болғаны интернетке қосылған компьютер мен электронды-цифрлық қолтаңба қажет. Жыл басынан төлқұжат, жеке куәлік пен мекенжайға тіркелуді 57 мыңнан астам солтүстікқазақстандық ресімдеді.


Құжат ресімдеу рәсімдері қызметтің барынша жылдам және тиімді көрсетілетініндей жасалған.

Шетелге тұрақты тұру үшін көшуге бел буған петропавлдық Алексей Олейников қызметкерлердің жұмысын оң бағалады: – Өте сыпайы мамандар, барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Мұндай қызметтердің бір жерде болғаны ыңғайлы, көп жүруге тура келмейді.

Адамдарға ыңғайлы жағдай жасау, қол жетімділік – көші-қон қызметінің жұмысындағы негізгі басымдықтар. Фронт-офистерде “бір терезе” қағидаты, заманауи сервистік қызмет көрсету моделі жүзеге асырылды. Жалпы көші-қон қызметі мемлекеттік қызметтердің 15 түрін көрсетеді. Петропавл қ. аталған қызметтермен Жамбыл к-сі, 71А мекенжайы бойынша пайдалануға болады. Көші-қон қызметі орталығы таңғы сағат 9-дан 17:30-ға дейін жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай