USD
USD
USD

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 744 адам қаза тапқан

Биыл жыл басынан бері жол апатынан 744 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Еnergyprom.kz. 

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 744 адам қаза тапқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еnergyprom.kz мәліметінше, көлік апатынан көз жұмғандардың көбі Алматы (163 адам), Жамбыл (99 адам) және Түркістан облыстарында (63 адам) тіркелген. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы салдарынан болған өлім жағдайлары Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында да аз емес. Мұнда 100 адамға шаққанда 31-35 адам көлік апатынан көз жұмады екен. Ал қайғылы жағдайлар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына аз тіркелген. Бұл шаһарларда 100 адамға есептегенде 2-3 адам жол-көлік оқиғасынан қайтыс болады. Биылғы 5 айда 5,2 мың жол апаты болып, одан 7,7 мыңға жуық адам зардап шеккен. Жарақат алғандардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9 пайызға көп. 

Қазір оқып жатыр

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы