USD
USD
USD

«Жыл басынан бері тоннадан астам есірткі тәркіленді»

Соңғы кездері есірткі таратудың жаңа түрі – интернет арқылу сату және насихаттау белең алды. Айталық, биылғы жылдың үш айында ғана (қаңтар, ақпан, наурыз) құқық қорғаушылар 400-ден астам интернет арқылы насихаттаушылардың жолын кескен.

«Жыл басынан бері тоннадан астам есірткі тәркіленді»
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы тілшімізге Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысы Берікхан Нұрғалиев баяндап берді.

Б.Нұрғалиев.

– 2021 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда тоннадан астам есірткі тәркіленді. Оның көбі марихуана мен гашиш, сондай-ақ үш келі героин мен 25 келі синтетикалық есірткі бар, – дейді Б.Нұрғалиев.

Полицейлер үш айда есірткі тарататын екі қылмыстық топты әшкерелеген. Қылмыстық топтардың екі серкесі мен 11 мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, синтетикалық есітркі таратудың 369 дерекі анықталыпты.

– Есірткі сатуға байланысты 179 дерек, сақтауға қатысты 39 дерек тіркелді. Осының нәтижесінде 25 келі есірткі тәркіленді. Есірткінің ірі партиялары Қазақстанның ірі үш мегаполисінен және Ақмола, Павлодар, Алматы, ШҚО және Атырау облыстарынан табылды, – деді басқарма басшысы.

Есірткі жасап сатуды отбасымен кәсіп етіп алғандар бар екен. Мәселен Петропавл қаласында ерлі-зайыптылар есірткі жасаумен айналысқан. Олар «зертхананы» Миролюбово ауылынан ашып алып, қажетті «шикізатты» ТМД елдерінен тасып әкелген.

Мұндай «зертхана» Алматы қаласынан да табылды. Екі адам Медеу ауданындағы бау-бақша қауымдастығындағы жеке үйден есірткі жасайтын цех ашып алыпты. Тінту барысында үйден 13 келіден астам есірткі мен есірткі жасайтын құрылғы табылды.

Есірткі сатуға қатысты заң қатаңданса да, оңай пайдаға кенелгісі келетін қаскөйлер әрекетін тоқтатар емес. Бұл туралы Б.Нұрғалиев былай деді:

– Өздеріңіз білетінде, 2020 жылы қылмыстық заңнамаға қылмыстық құрамның жаңа нормалары енгізілді. Ол – есірткі қолдануға итермелеу және есірткіні интернет арқылы тарату. Енді бұлар ауыр және аса ауыр қылмыстар түріне жатады. Жазасы да ауыр.

Интернет арқылы есірткі саудалағандар бұдан былай өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы 24 қаңтарда Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев министрліктің алқа отырысында мәлімдеген.

Министрдің айтуынша, өткен жылдың өзінде ғана полицейлер 96 келі синтетикалық есірткі тәркіленіп 850 сайттың жұмысы тоқтатылған.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру