USD
USD
USD

Жыл басынан бері шетелге 150 млрд теңге тасымақ болғандар анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері жыл басынан бері 150 млрд теңгені шетелге шығармақ болған пысықайлардың жолын кесті, деп хабарлайды «Хабар 24». Мемлекет басшысына есеп берген агенттік төрағасы Жанат Элиманов осылай деді.

Жыл басынан бері шетелге 150 млрд теңге тасымақ болғандар анықталды
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. Айтуынша, биыл өзге елдерге ақша шығару деректерінің бірте азайып жатқаны байқалады. Шамамен 30 процентке кеміген. Бірақ мамандар сонда да мүдделі органдармен бірлесіп қолма-қол валютаны заңсыз шығаруға бақылауды күшейтіп жатыр. Сонымен қатар Қазақстан-Қытай шекарасында тексеру жұмыстары жүргізілуде. Үш аптаның ішінде тауарды заңсыз әкелу фактілері бойынша 8 қылмыстық және 24 әкімшілік іс қозғалды.

Мемлекет басшысы көлеңкелі экономикамен күресті одан әрі күшейту қажетттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл тоқтатылған күдікті операциялардың саны 3 еседен асқаны және олардың жалпы құны 150 млрд теңгеге жуық екені баяндалды. Осы деректер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Агенттіктің мәліметі бойынша шетелге ақша қаражатын шығарудың күрт көбейгені байқалмайды. Керісінше биыл шетелге аударылған қаржы 30 пайызға азайған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін

Ресейге бензин жеткізу

«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкенттегі блогер

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке үкім шықты

Қамшыбек Ташиев

«Қазселденқорғау» үш облыста сел жүруі мүмкін екенін ескертті

сел