USD
USD
USD

Жыл басынан бері қанша қандас елге келді?

Қазақстанда жыл басынан бері 8 867 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды.

Жыл басынан бері қанша қандас елге келді?
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше,  1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 79,2 мың этникалық қазақ оралған.

Биыл жыл басынанҚазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы, яғни 75,5 пайызы Өзбекстаннан, 10,4 пайызы ҚХР-дан, 7 пайызы Түрікменстаннан, 2,5 пайызы Моңғолиядан және 4,5 пайызы басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9 пайызы), Түркістан (14,5 пайызы), Маңғыстау (18,7 пайызы) және Жамбыл (8 пайызы) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,7 пайызы) қаласына қоныстанды.

1 шілдедегі жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны - 55,5 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кішілер - 25,3 пайыз және зейнеткерлер - 19,2 пайыз.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 10,9 пайызының жоғары, 39,3 пайызының орта кәсіби, 45,9 пайызының жалпы орта білімі бар және 3,9пайызының білімі жоқ.

Қазір оқып жатыр

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

.

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады

ЛРТ

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

жол апаты

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды

Жалған хабарлама