Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жыл басынан бері 85 бала үй терезесінен құлап кеткен

Қазақстанда жыл басынан бері 85 бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кеткен.

Жыл басынан бері 85 бала үй терезесінен құлап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім еткендей, құлаған балалардың жасы 1-8 жас аралығында.

Салдарынан 8 бала қаза болып, 77-сі ауруханаға жеткізілді.

Бұдан бөлек, суға шомылу кезеңі басталған 1 маусымнан бүгінгі күнге дейін ел бойынша 64 бала суға батып кеткен.

Олардың барлығы ересек адамдардың қарауынсыз қалған. Осы уақыт аралығында су айдындарында 24 бала құтқарылған.

Айта кетсек, былтыр 82 бала судан ажал құшқан. ТЖК ақпаратына сәйкес, Қазақстанда өткен бір тәулік ішінде ғана балалардың қатысуымен 5 оқиға болды.

Оларда 4 бала қаза тауып, 3-еуі ауруханаға жатқызылды.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат