Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жыл басынан бері 850 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілді

Қазақстанда жыл басынан бері 850 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жыл басынан бері 850 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша – қаңтар -мамырда азық-түлік өндірісі 3,3% өсіп, 851,6 млрд теңгені құрады.

Аталған кезеңде қызылша қантын өндіру көлемінің шамамен 30%-ға (5,5 мың тоннадан 7,1 мың тоннаға дейін) , өңделген күріштің 24%-ға ( 71,2 мың тоннадан 88,3 мың тоннаға дейін ) , жарманың 18,7%-ға (34,6 мың тоннадан 41,1 мың тоннаға дейін), сары майдың 16,5%-ға (9,0 мың тоннадан 10,5 мың тоннаға дейін) , өсімдік майының 11,9%-ға (185,4 мың тоннадан 207,5 мың тоннаға дейін) , ұнның 9%-ға ( 1 235,6 мың тоннадан 1 347,4 мың тоннаға дейін ), ірімшік пен сүзбенің 8,7%-ға (13,6 мың тоннадан 14,7 мың тоннаға дейін) , өңделген сүттің 3,3%-ға ( 244,7 мың тоннадан 252,7 мың тоннаға дейін ) дейін артқан.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция көлемі 46,8% (213,8 млрд теңгеге) , тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестиция 24,1% (35 ,6 млрд теңгеге дейін) өсті.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,1% артып, 1,1 трлн теңге құрағанын айтқан.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА