Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жыл басынан бері 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды 1 маусымдағы жағдай бойынша 5 679 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл басынан бері 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   «Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі, нақтырақ айтқанда 68,7%-ы Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 8,8% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,5% басқа елдерден қоныс аударған. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,1%), Маңғыстау (18,8%), Түркістан (10,3%) және Жамбыл (6,2%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6%), Нұр-Сұлтан (6,9%) және Шымкент (7,9%) қалаларына қоныстанды», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінде.

Ведомствоның сараптауынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар - 63,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар - 22,8% және зейнеткерлер - 14%.

Ал, еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 11,4%-ы – жоғары, 40,3%-ы – орта кәсіби, 46,6%-ы – жалпы орта білімді және 1,7%-ның білімі жоқ.

Айта кетсек, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 93,5 мың этникалық қазақ оралған. Бұған дейін хабарланғанындай, Қазақстан Республикасының аумағына бұрын тұрған және қайта келген этникалық қазақтар eGov.kz порталында қандас мәртебесін алуға немесе оны ұзартуға өтінім бере алады.

Қазір оқып жатыр

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

кісі өлімі