USD
USD
USD

Жыл басынан бері 4 онлайн казино жабылды

Жыл басынан бері Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласындағы аумақтық департаменті PariMatch, ВК Triumph, «Фаворит» және PROFITBetting букмекерлік кеңселерін жапты.

Жыл басынан бері 4 онлайн казино жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мекемелердің басшылары заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін айыпты танылды.

«Тергеу букмекерлік кеңселердің басшылары заңды бизнеспен бүркемелеу арқылы өз мекемелерінде онлайн казино ұйымдастырғанын дәлелдеді. Сот үкімімен PariMatch, BK Triumph кеңселерінің басшылары заңсыз бизнестен тапқан табысына қарай тиісінше 500 және 200 АЕК көлемінде айыппұл арқалады. Ал «Фаворит» және PROFITBetting букмекерлік кеңселерінің басшылары заңсыз істен аса ірі мөлшерде табыс тапқандықтан, 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп жазылған құзырлы органның ресми мәліметінде.

Аталған 4 кеңсенің иелерінен тәркіленген мүліктің жалпы сомасы 700 миллионнан астам теңге болған.

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі