USD
USD
USD

Жыл басынан бері 21 бала терезеден құлаған

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау саласындағы зілзалалар қауіп-қатерін азайту және бақылау басқармасының басшысы Орал Абдрахманов биыл елімізде балалардың терезеден құлауының 21 дерегі тіркелгенін айтты.

Жыл басынан бері 21 бала терезеден құлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Балалардың терезеден құлауы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өкінішке қарай, биылғы 5 айда балалардың терезеден құлауының 21 оқиғасы тіркелді. Осыған байланысты комитет тарапынан мемлекеттік стандарттарға тиісті өзгерістер енгізілді», - деді О. Абдрахманов онлайн баспасөз мәслихатында. Оның пайымынша, қабылданған шаралар жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік жасайды. Осы орайда басқарма басшысы балалардың жарақаттануы мен терезеден құлауына жол бермес үшін мемлекеттік стандартқа терезе блоктарындағы қауіпсіздік құлыптарын толықтыру туралы талап көзделгенін назарға ала отырып, тиісті ұсыныстар жолданғанын жеткізді. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл мамыр айында еліміздің өңірлерінде балалардың терезеден құлауының бірқатар дерегі тіркелді. Жақында Степногор қаласында 3 жасар қыз бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Биыл елордада балалардың терезеден құлауының 9 фактісі анықталды. Таяуда Ақтауда бір жасар сәбидің көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткені белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Қарағандыда «балгерлерге» сенген зейнеткер 15 млн теңгесінен айырылды

алаяқтық

Алматыда төрт құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Құрылыс компаниялары

Қытайлық инвесторлар Қазақстанда авиациялық отын өндірісін іске қоспақ

Ұшақ

Роза Әлқожа тойда әншілерді «шайтанның азаншысы» деген тұрғынды жауапқа тартуды сұрады

діни фанатизм