USD
USD
USD

Жыл басынан бері 12 жарым мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Отанына келіп жатқан этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды. 

Жыл басынан бері 12 жарым мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 12 501 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 82,8 мың этникалық қазақ оралды. Осы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,0%) Өзбекстаннан, 9,8%-і – Қытайдан, 6,8%-і – Түрікменстаннан, 2,5%-і – Моңғолиядан және 4,9%-і басқа елдерден келген. «Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,4%), Маңғыстау (19,5%), Түркістан (13,8%) және Жамбыл (8,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,4%) қаласына қоныстанды», – ведомство таратқан ақпаратта. Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,2%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 27,1%-ті және зейнеткерлер 17,6%-ті құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11%-і жоғары білімді, 39,4%-і орта кәсіби білімді, 45,7%-і жалпы орта білімді және 3,9%-нің білімі жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді

Қазақстанда 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары мен мүшелері ұсталды

Есірткі қылмысы

Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында өрт шықты

Атырау мұнай өңдеу зауыты