Референдум Референдум
9 Қыркүйек 15:38
...

Жыл соңына дейін 52 Келешек мектебі пайдалануға беріледі

gov.kz
Фото: gov.kz

Жыл соңына дейін 52 «Келешек мектебінің» құрылысы толық аяқталып, бұл білім беру ұйымдарында жасанды интеллект технологиялары эксперимент ретінде енгізіледі. Бұл туралы Үкімет сағатында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

Референдум

Астана, NEGE. Министрдің айтуынша, ұлттық жоба аясында барлығы 217 «Келешек мектебін» салу жоспарланған. Оның ішінде 2024 жылы 105 мектептің, 2025 жылы 60 мектептің құрылысы аяқталған. Ал биыл тағы 52 мектеп пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, қазан айында 8, қарашада 16, желтоқсанда 28 мектептің құрылысы тәмамдалады.

Ғани Бейсембаев «Келешек мектептерінің» құрылысына Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры мен жергілікті атқарушы органдар жауапты екенін атап өтті. Министрліктің өз кезегінде құрылыс барысына тұрақты мониторинг жүргізіп, барлық жұмыстарды Bitrix жүйесі арқылы бақылап отырғанын айтты.

Осыған байланысты министр «Самұрық-Қазына» қоры мен әкімдіктерді құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, мектептерді уақтылы пайдалануға беруге шақырды.

Сонымен қатар министр Президент Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес, жасанды интеллект технологиялары «Келешек мектептеріне» және Астана қаласының мектептеріне пилоттық негізде енгізіліп жатқанын жеткізді. Алдағы кезеңде 2025-2029 жылдарға арналған жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізудің тұжырымдамалық негіздерін бекіту жоспарланып отыр. Сондай-ақ ЖИ ресурстарын әзірлеу және AI ұстаз медиа жобасын іске қосу көзделген.

Бұдан бөлек, министрлік Qazaq digital mektebi атты шағын жинақты мектеп үлгісінің жобасын дайындаған. Бұл жоба білім беру инфрақұрылымын дамытуға, кадрлық әлеуетті күшейтуге және оқыту әдістерін жаңғыртуға бағытталған. Жоба алғаш рет Ақтөбе облысында пилоттық режимде іске асырылып, қазіргі таңда барлық өңірде кеңейтіліп жатыр. Аталған жобаны қаржыландыру жергілікті әкімдіктерге жүктелген.

Референдум