USD
USD
USD

Жыл басынан бері теңге бағамы 2,4%-ға нығайды – Ұлттық банк

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов ұлттық валюта бағамына қатысты түсініктеме берді. 

Ұлттық банк
Фото: Ұлттық банк

Алматы, NEGE. Ол жыл басынан бері теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 512,57 теңгеге дейін, яғни 2,4%-ға нығайғанын атап өтті.

«Бағамның қазіргі динамикасы негізінен жүргізіліп жатқан дезинфляциялық саясат шеңберіндегі орташа қатаң ақша-несие шарттарына байланысты. Бұл теңгелік активтердің тартымдылығын шетелдік инвесторлар арасында да арттыра түсті. Осылайша, резидент емес тұлғалардың ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарға (МБҚ) салған портфельдік инвестицияларының көлемі жыл басынан қараша айына дейін шамамен 750 млрд теңгеге, ал қараша айында 340 млрд теңгеге ұлғайды», – деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, ұлттық валюта бағамын қолдау Ұлттық банктің шетел валютасын сатуы есебінен де қамтамасыз етілуде.

2025 жылдың басынан қараша айына дейін Ұлттық қордан бюджеттік трансферттер шеңберінде $7,8 млрд сатылды, бұл ретте соның орнын толтыру мақсатында алтын сатып алу жөніндегі операциялар көлемі $6,1 млрд болды. 

Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 35,5%-ға ұлғайып, $62,1 млрд, Ұлттық қордың активтері 8,1%-ға ұлғайып, $63,6 млрд болғанын атап өтті.

«Қорға түсетін түсімдер сомасы жыл басынан бері 3,6 трлн теңге, ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттер көлемі 4,9 трлн теңге болды. Осы жылдың 11 айында Ұлттық қордың инвестициялық кірісі – 13,7% немесе $8,2 млрд», – деді Тимур Сүлейменов.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті