USD
USD
USD

Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 8,7%-ға өсті

Премьер-министр Олжас Бектенов ел экономикасын дамыту мәселесі жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Өнеркәсіптің өсуін қамтамасыз ету шараларына назар аударылды.

Машина
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысының өндіріс көлемін ұлғайту мен өсу үрдісін бекіту бойынша тапсырмаларын орындау аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Биылғы қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібінде тұрақты оң серпін 8,7% деңгейінде сақталып отыр. Негізгі өсім машина жасау (17,7%), тамақ өндірісі (13,2%), машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдары (28,7%) салаларындағы көрсеткіштердің өсуі арқасында қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тау-кен өнеркәсібінде өсім (6,1%) байқалды.

Құрылыс саласында тоқсандық қорытынды негізінде өсу көрсеткіші 16,9%-ға жетті. Мектептер, автокөлік жолдары, теміржол желілері, инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыс көлемінің артуы туралы баяндалды.

Премьер-министр отандық өндірістермен, оның ішінде Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде өзара іс-қимылды арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат