USD
USD
USD

Жыл басынан бері Астанада 4 мыңға жуық интернет-алаяқтық тіркелген

Елордада OLX сайтында арзан тұрмыстық заттарды сату туралы хабарландырулар жариялап, алдын ала төлем жасауды талап еткен әйел ұсталды.

Прлиция
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Астанада жүргізілген «Stop-алаяқтық» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Павлодардан шыққан алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтық оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты елордада «Stop-мошенничество» шарасы өткізілді. Жалпы, 2024 жылдың басынан бері Астанада 4 мыңға жуық интернет-алаяқтық оқиғасы тіркелген.

Іс-шара барысында полицейлер Павлодар тұрғынын ұстады. 30 жастағы әйел OLX сайтында арзан тұрмыстық заттарды сату туралы хабарландырулар жариялап, сатып алушылардан 5 мыңнан 30 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлем жасауды талап еткен. Қазіргі уақытта полицияға 10-ға жуық зардап шегуші жүгініп, алаяққа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер халықты өздерінің жеке және қаржылық мәліметтерін құпия сақтауға және алаяқтарға алданып қалмауға шақырады.

«Қырағы болыңыздар, күмәнді сатушылардан тауар сатып алмаңыздар және жеке мәліметтеріңізді қорғаңыздар», – деп ескертті полиция өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.

Қазақстандықтар БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастай алады

жолдағы жылдамдық