USD
USD
USD

Жыл басынан бері 8,8 мың адам құтқарылған: ТЖМ жұмысының нәтижелері жарияланды

Қазақстанда 2026 жылдың басынан бері төтенше жағдайлар қызметі 82 мыңға жуық шақыртуға шығып, 8,8 мыңнан астам адамды құтқарған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Тжм
Фото: ТЖМ

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері 10,3 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 3,2 мыңнан астам зардап шеккенге медициналық көмек көрсетілген. Ал «112» қызметіне 4,2 миллионнан астам қоңырау түскен.

Құтқару қызметінің материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары да жалғасып жатыр. 2026 жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен 87 бірлік арнайы техника, алты жүзу құралы және 976 бірлік жабдық пен жарақ сатып алынған.

Цифрлық технологиялар мен дрондар

Төтенше жағдайларды ерте анықтау үшін «Табиғат», «Тасқын» және «Талсим» цифрлық жүйелері қолданылады. Бұдан бөлек, орман өрттерін бақылау үшін сегіз өңірде орнатылған 114 камераның бейнесі Дағдарыс орталығына жіберіледі.

Министрлік бөлімшелерінде 242 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Оның 187-сі жасанды интеллект функцияларымен жабдықталған. Жыл басынан бері мамандар дрондар арқылы бес мыңға жуық операцияға қатысып, 28 адамды құтқарды.

«Ұшқышсыз ұшу аппараттары жоғалған адамдарды іздеуге, табиғи өрттерді, су тасқындарын және су айдындарын бақылауға тартылады. Ажыратымдылығы жоғары камералар мен тепловизорлар тау шатқалдарын, далалық және орманды аумақтарды, соның ішінде түнгі уақытта да тексеруге мүмкіндік береді», – делінген министрлік хабарламасында.

Авиация және құтқару инфрақұрылымы

ТЖМ авиациялық паркі 45 әуе кемесінен тұрады. 2026 жылдың басынан бері «Қазавиақұтқару» АҚ 2 735 рет ұшқан. Оның 486-сы санитариялық авиацияға тиесілі. Осы рейстер аясында 466 науқас тасымалданған.

Биыл бес тікұшақ алаңы салынып, сегіз құтқару станциясы пайдалануға берілген. Сонымен қатар 17 өрт сөндіру депосы салынған.

Ауылдық жерлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Қазір ел бойынша 292 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Олардың қызмет көрсету аумағына 900-ден астам елді мекен кіреді.

Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары аясында шомылу маусымында 376 адам құтқарылған. Олардың 125-і – кәмелетке толмағандар. Құтқарушылардың мәліметінше, оқиғалардың басым бөлігі жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған жерлерде болған.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы  19 қазан құтқарушылар күніне орай құтқарушыларды мемлекеттік марапатпен марапаттады. Қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарында 27 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар

Алматыда жеті жүзге жуық студентке шәкіртақы дер кезінде төленбеген: жалпы қарыз 50 млн теңгеге жеткен

Ақша

Кран кімдікі? Алматыда компания әскерилермен соттасып, жеңіп шықты

коллаж ЖИ көмегімен жасалған