USD
USD
USD

Жыл басынан бері 700-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

Былтыр 1 млрд теңгеден астам залал келген.

Қостанай қаласы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қостанайда жыл басынан бері 700-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Шығын сомасы 80 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Qostanay tany басылымы. 

Тәртіп сақшылары алаяқтардың айласынан қалай қорғану қажеттігін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Қостанай қаласының өзінде 2025 жылдың басынан бері 747 интернет-алаяқтық фактісі тіркеліп, олардың жалпы залалы 80 миллион теңгеден асқан. Салыстырмалы түрде былтыр 760 жағдай тіркелсе, одан келген залал 1 миллиард 150 миллион теңгені құраған. Бұл көрсеткіш алаяқтықтың күшейіп, азаматтардың сақтығының әлі де жеткіліксіз екенін көрсетеді», – дейді Қостанай қалалық Полиция басқармасының басшысы Болат Иманов.

Мамандардың айтуынша алаяқтардың схемалары ұқсас. Әлеуметтік желілерде және интернет платформаларда инвестиция арқылы табыс табу ұсыныстарын жарнамалайды. Тұрғындар олардың ұсынған сілтемесіне өтіп, жеке деректерін енгізеді, сосын алаяқтармен байланысады. Олар бастапқыда ақша салуды ұсынып, кейін жалған платформалар арқылы табыс тапқандай әсер қалдырып, қосымша сома төлеуді талап етеді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.