USD
USD
USD

Жигули Дайрабаев Меркедегі үйді тартып алды деген айыптауларға жауап берді

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев 140 миллион теңгеге үй ұрлағанын айыптағандарға жауап берді.

Жигули Дайрабаев Меркедегі үйді тартып алды деген айыптауларға жауап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Депутаттың айтуынша, Меркедегі үй заңды түрде алынған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Жамбыл облысындағы Мерке ауылының тұрғыны видео жариялап, 140 миллион теңгелік үйін Жигули Дайрабаев "заңсыз тартып алды" деп мәлімдеген. Айтуынша, Дайрабаев сот процесіне араласып, үйді өз атына рәсімдеп алған. Ал баспана ұжымдық басқаруда болғандықтан, Дайрабаевқа келісімсіз берілмеуі керек еді дейді. 

Сондай-ақ Кеңес ауылындағы жер дауында да мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың есімі аталды. Мұнда ауыл халқы агрофирманың жерлерді заңсыз иемденіп алғанын айтып, шағымданған еді. Бастапқыда компания өкілдері тұрғындарға дивиденд төлеуге уәде берген екен. Ал фирманы басқарған Жигули Дайрабаев дейді ашулы халық. 

Аталмыш айыптауларға Дайрабаев әлеуметтік желі парақшасында жауап берді. 

"Мені екі эпизод бойынша кінәлап жатыр екен. Біріншісі Меркеде сатып алынған үй болса, екіншісі - Кеңес ауылындағы жер. Жауабым мынадай:

1. Үйге байланысты: Жалпы кез келген адам құнды зат сатып алғанда жеті рет өлшеп барып шешім қабылдайды. Отбасыма деп сатып алған үй уақыт өткен соң заңсыз деп есептелгені кімге керек? Мұндай тәуекел ешкімге де қажет емес. Өзіңізге осы бір сұрақты қойып көрсеңіз, бірден түсінесіздер деп ойлаймын. Нотариус арқылы жасалған келісім-шартымыз заңды, үй иелерінің құқықтары сақталған. Ақша талап етіп жүрген азаматты танымаймын да. Білуімше, ол үй сатқан әйелдің бұрынғы жұбайы (ажырасқан). Ерлі-зайыптылардың арасына кірісетін адам емеспін. Ол азамат менің осы лауазымымды пайдаланып, бопсалау жолын таңдаған. Айта кетейін, мұндай әрекет бірінші рет емес. Осыдан біраз уақыт бұрын мені кінәлаған адам мені қаралаған үшін соттың шешімімен жазаланып, айыппұл төлеген болатын. Бұл әрекетін тоқтатпаса, қайтадан сотқа жүгінуіме тура келеді.

Бұл жағдай 20 жыл бұрын болған. Жерге қатысты компанияның иелері - ағайынды Иембердиевтер (Ерлан мен Нұрлан Ергешбайұлдары). Олар қазір Қазақстанда. Шатаспасам, Алматыда тұрады. Жердің де, ақшаның да иесі - осылар. Менің бұл іске ешқандай қатысым жоқ. Кезінде мен тек жалдамалы қызметкер болдым. Меркі ауданында 1 метр де жерім жоқ. Сондықтан да ауылдағы наразы адамдардың арыздары жер иелері Иембердиевтерге жолдануы тиіс деп есептеймін. Ауыл тұрғындары мені негізсіз кінәламай, қайта көмегіме жүгінгені дұрыс еді. Әлі де кеш емес", - деп жазды ол Facebook-парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.