USD
USD
USD

Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

«Ауыл партиясы» фракциясының мәжілісі өтті. Онда партияның қазіргі  жұмыстарына байланысты бірқатар мәселе қаралған.

Жигули Дайрабаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ мәжіліс барысында партияның Саяси Кеңесінің Төралқасына Мәжіліс депутаты, фракция өкілі Жигули Дайрабаевты партия төрағасының орынбасары лауазымынан босату туралы мәселені қарау ұсынылған.

Сонымен қатар «Ауыл» партиясы Саяси Кеңесі төралқасының отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

«Бірінші мәселе Ақтөбе өңірлік филиалының партия Жарғысын өрескел бұзуы болды. Атап айтқанда, бекітілген тәртіпті бұза отырып, облыстық мәслихат депутатының мандатын қайта бөлу жүргізілді. Төралқа мүшелері Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы А. Базарғалиевке жеке және партиялық іске енгізе отырып, қатаң сөгіс жариялау түрінде жауапқа тарту туралы шешім қабылдады. Екінші мәселе партия төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаевты қызметінен босатуға қатысты болды. Төралқа мүшелері бұл шешімге бірауыздан дауыс берді», - делінген партияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент